SOS Қазақстанның балалар ауылдарының түлектері баспаналы бола алады

Бұл туралы бүгін «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «SOS Kinderdorf International» халықаралық коры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі аясында ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» корпоративтік қорының отбасы қамқорлығы жөніндегі кеңесшісі Ксения Родионова мәлім етті.
Оның хабарлауынша, қазіргі кезде SOS Қазақстанның балалар ауылдары орналасқан Астана, Алматы және Теміртау қалаларында түлектерді бөлек орналастыру жобасы қолға алынған. «Сондай-ақ оларды баспанамен қамтамасыз ету жобасы да бар. Алайда, ең алдымен, түлектің өзі тұрғын-үй мәселесін шешуге барынша тырысып, қаражат жинауы тиіс. Ал баспана бағасының 30 пайыздан кем емес сомасы жиналған кезде, ол «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» корпоративтік қорына қосымша қаражат бөліп беру жөніндегі өтінішін бере алады. Сол кезде оған тиісті көмек көрсетіледі», - деп атап көрсетті К.Родионова.