07:41, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Сот 15 сәуірде «Хромая лошадь» клубындағы өрт бойынша істің үкімін жариялайды
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Пермьде Ленин аудандық соты 15 сәуірде «Хромая лошадь» түнгі клубындағы өрт бойынша қылмыстық істің үкімін жариялауды бастайды. Бұл туралы сот залынан журналистер мәлім етті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Еске сала кетейік, клубтағы өрт 2009 жылғы 5 желтоқсанға қараған түні болған еді. Бұл оқиғада 156 адам қаза болды. Сот өрт туралы қылмыстық істі 2010 жылғы қыркүйектен бері қарап жатыр.