Сот ғимаратында өзіне пышақ салған атыраулыққа қылмыстық іс қозғалды

полиция
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраулық жігіт сот ғимаратында өзіне пышақ салған. Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды.

Оқиға Атырау облыстық сотының ғимаратында 31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Содан соң тергеу изоляторына оқшауландырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адамға қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік

Сондай-ақ, Атырау облысының тұрғындары полицияға 36 қару мен 76 оқ-дәрі тапсырғанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар