Сот Қайрат Боранбаевтың тергеу органдарымен мәмілеге келуін қанағаттандырды

Сот процесі бірінші сатыдағы ережелер бойынша апелляциядан өтті.
Қ. Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин сотта мәлімдегендей, өтініш кінәні мойындау және тергеу органдарымен ынтымақтастық туралы мәміле жасасудан тұрады. Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.
Аталған мәселе келесі отырыста қаралады, бірақ уақыты айтылмады.
«Өтінішті сот алқасы қанағаттандырады. Егер сізде мүмкіндік болса, бүгін қатысушылармен талқылауға болады. Бұл прокурордың да, менің де ұсынысым. Өйткені іс ұзақ уақытқа созылып жатыр, әр қатысушының талқылайтын сәттері болуы мүмкін. Процессуалдық келісімнің кезеңі енді басталатынын ескере отырып, біз сізге нақты деректерді атай алмаймыз. Дайын болған кезде тағы жиналамыз. Сот отырысы жабық деп жарияланады», - деді судья Айсұлу Сламбекова.
Еске сала кетейік, 2022 жылы 17 наурызда соттың шешімімен Қайрат Боранбаев 2 айға қамалған еді.
Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікке ілінген Қ.Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өткен жылы 30 желтоқсанда Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды.
Өз кезегінде прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.
Кейін Қайрат Боранбаевтың сыртқа заңсыз шығарылған активтерді қайтара бастағаны белгілі болды.
Биыл 31 наурызда сот Қайрат Боранбаевқа 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.