Сот қызметкерлері үздік аудармашыны анықтады

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Аймақтағы сот қызметкерлері арасында "Үздік аудармашы" байқауы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қызылорда облыстық соты мен тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған шараға соттар әкімшілігінің әкімшісі Талғат Амрашев бастаған мамандар қазылық етті. Байқауға 12 талапкер қатысып, олар ресми құжаттарды аудару, көркем аударма жасау шарттары бойынша сынға түсті. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, сот қызметкерлері арасында қазақ тілін жетік білетін мамандарды анықтау мақсатындағы сайыс қорытындысында бас жүлдені облыстық соттың бас маманы Әлия Түбекбаева жеңіп алса, бірінші орынды Байқоңыр қалалық сотының жетекші маманы Асанхан Жұбатқанов иемденді. Өзге жүлделі орындарға Сырдария, Шиелі аудандық соттарының мамандары Димаш Байдушаев, Линара Бекішова лайық деп танылды.
Соңғы жаңалықтар