Сот саласына жаңа енгізілген заң әлі де болса жетілдіруді қажет етеді - Жоғарғы сот өкілі

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Биылғы жылдан бастап күшіне енген жаңа заңда әлі де болса жетілдіруді қажет ететін мәселелер бар», деді бүгін Жоғарғы соттың Қылмыстық істерді бақылау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов еліміздің сот жүйесінің жарты жылдық қорытындысына арналған Жоғарғы сот судьяларының жалпы отырысында.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, жаңа заңда көрсетілген қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді қарау бойынша бірыңғай аппеляциялық алқа құру ісі мамандандыру жұмыстарын дамыту шарасының тұжырымдамасына нұқсан келтіріп отыр. Сондай-ақ сот үкімдерін аппеляциялық, кассациялық және бақылау жолымен қарау жұмыстары да күрделі мәселелерге тап болды. «Сот тәжірибесі істі кассациялық жолмен қарау шарасының мүлдем жұмыс істемейтіндігін көрсетіп отыр. Есесіне Жоғарғы сотқа келіп түсетін шағымдар саны артуда. Біз қазір аптасына 100-ден 200-ге дейінгі аралықта азаматтардың шағымдарын қараймыз. Жағдайдың бұлайша өрбуі сот жұмысы барысында көптеген қателіктердің орын алуына алып келуі ықтимал. Сондықтан қазір заңнамаға тиісті өзгерістер енгізіп, сот істерінің аппеляциялық және кассациялық жолмен қаралуын қамтамасыз ететін ереже енгізу қажет. Ал Жоғарғы сот Конституция талаптарына сай қадағалаушы орган болуы тиіс», деді А.Қасымов.

Соңғы жаңалықтар