Сот саласында қазақ тілінде іс жүргізу деңгейі 54 пайызды құрап отыр

АСТАНА Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде отандық сот саласында мемлекеттік тілде іс жүргізу деңгейі 54 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен сот істерін мемлекеттік тілде жүргізудің өзекті мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков мәлім етті.
None
None

Оның мәліметі бойынша, бүгінде Қызылорда облысында қазақ тілінде іс жүргізу көрсеткіші 85 пайызға көтерілді. Ал Ақтөбеде - 70 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда - 66 пайыз, Қарағандыда - 27 пайыз және Алматы обылысындағы іс жүргізу деңгейі 32 пайызды құрап отыр. Жалпы, республика бойынша сот саласындағы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу деңгейі 54 пайызға тең.

«Бұның өзіндік себептері бар. Егер, азаматтар өз өтініштерін орыс тілінде берсе, сот олардың істерін сол тілде жүргізуі тиіс. Сондай-ақ, кейбір өңірлердегі мемлекеттік тілде іс жүргізу деңгейінің төмен болуы аймақтағы ұлттық құрамға тікелей байланысты», деді М. Әлімбеков.

Соңғы жаңалықтар