13:22, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Сот шешімінен кейін Бөгенбай даңғылында жаңа көпірді салған мердігер компаниямен келісімшарт үзілмек - Б.Жәмішев
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде мақсатты трансферттерді игеру бойынша қойылған міндеттер толығымен орындалмай келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәселен, Астана қаласында 1,4 млрд. теңгеге бағаланған М-3 көпірінің құрылысы тоқтап қалған. Бөгенбай даңғылындағы жаңа көпірді дұрыс жоспарламай, өз міндеттерін орындамағаны үшін бюджеттік бағдарламалар жөніндегі администратор мердігер компанияны сотқа берді. Қазіргі кезде аталған мәселе бойынша сот отырыстары өтуде. Сот шешімінен кейін Бөгенбай даңғылын қайта жөндеу туралы рәсімделген келісімшарттың күшін жою жоспарланып отыр», - деді Б.Жәмішев.
Сондай-ақ министр елордада Қан орталығы мен амбулаториялық-емхана кешенінің құрылысы бойынша 100-200 млн. теңгенің шығыны келтірілгендігін жеткізді.