Сотқа дейін қамауға алынғандарға электронды білезік тағылуы мүмкін

АСТАНA. KAZINFORM – Сотқа дейінгі тексеру амалдары кезінде күдіктілерге қатысты қамауға алудың орнына баламалы басқа шешім қабылдау пысықталып жатыр. Бұл туралы Қазақстан судьяларының съезінде Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев мәлім етті.

Биыл қанша адамға электронды білезік тағылды
Фото: kabar.kg

«Сотқа дейін қамауға алынғандар саны әлі де жоғары, яғни жыл сайын шамамен 11 мың адам қамтылып отыр. Оның үштен екі бөлігі ғана нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сондықтан біз құқық қорғау органдарымен бірлесіп электронды білезіктерді кеңінен қолдану арқылы баламалы шараларды қолдану тәжірибесін кеңейтуді пысықтап жатырмыз», - деді А. Мерғалиев. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының съезіне қатысты. 

Жоғарғы сот төрағасы судьялар дербестігінде жаңа реформалар ерекше әсер еткенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар