Сотталған экс-премьер Ахметовтың ісі бойынша мүлікті тәркілеу мәселесі әлі шешімін таппаған
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы сотта сыбайлас жемқорлық бойынша 8 жылға бостандығынан айырылған елдің экс-премьер-министрі Серік Ахметовтың ісі бойынша даулар жалғасып жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.
Дау «Топар жылыжайлары» ЖШС төңірегінде болып отыр. Сот бұл кәсіпорынды басқа тұлғаларға ресімделген Ахметовтың жеке бизнесі деп таныды. Бұл бизнес тәркілеуге жататыны не жатпайтыны бойынша мәселе туындап отыр.
Сейсенбі, 19 шілдеде, Ахметовтың ісімен байланысты апелляциялық отырыс Қарағанды облыстық сотында өтті.
«Топар жылыжайлары» ЖШС-на қатысты Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысына қатысты жапа шегуші «КазАгроФинанс» АҚ апелляциялық арызы бойынша прокурордың наразылығына сәйкес түскен іс қаралуда», - деді судья Қарлығаш Нұрмағамбетова.
Іс материалдарына сәйкес, сот орындаушысы «Топар жылыжайлары» ЖШС үлесін үлестіруге қатысты күдікті сейілтуді сұрады. Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз қаулысында сотталған С.Ахметовтың сенімді тұлғалары арқылы Серіктестіктегі үлесі 95% құрайтыны, қалған 5% іс бойынша куәгер болып отырған «Топар жылыжайларының» бұрынғы директоры Александр Забировке тиесілі болғанын көрсеткен.
Бұл жауап прокурорлардың наразылығын тудырды. Олар жылыжай бизнесі Ахметовке тиесілі деп отыр.
Қылмыстық соттың қаулысының заңсыздығын жапа шегуші «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілі Жанна Тоғанасова айтты. Ұлттық компания өкілі «Топар жылыжайлары» ЖШС-ы жобасына ҚР Ұлттық қорынан 4 млрд теңгеден астам қаражат құйылғанын еске салды. Қазір кешен кепілдікте тұр. Кепілдікті жоғалтқан жағдайда мемлекетке ірі көлемде залал келтіріледі, деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілі.
Нәтижесінде судья Қ. Нұрмағамбетова қылмыстық соттың қаулысын жоққа шығарды. Алайда ол бизнес үлесін анықтамады.
Ахметовке қатысты үкім заңды күшіне енгенге дейін жылыжай бизнесі үшінші тұлғаға сатылғаны белгілі болды.
Ксәіпорынның жаңа иелері сотта мүлікке және «Топар жылыжайлары» ЖШС-ны тіркеу әрекеттеріне салынған тыйымды алғызуға тырысып жатыр.
Бұл мәміленің мән-жайын құқық қорғау органдары тексереді. Жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.