Сотталушының адвокаты Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғауды сұрады

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында жарыссөз өтіп жатыр.

Сотталушының адвокаты Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғауды сұрады
Фото: Жоғарғы сот

Дархан Әскентайдың қорғаушысы, Жетісу облысының адвокаттар алқасының адвокаты Маулен Ержанов іс бойынша жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовқа қатысты іс қозғауды сұрады.

- Құрметті сот, жәбірленушілердің берген жауаптары бір-біріне қарама-қайшы. Жауаптары жалған екені көрініп тұр және дәлелін таппады. Осыған байланысты Дархан Әскентайды бетінен ұрды деп жауап берген Қ.Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 420-бабымен (жалған айғақ беру) қылмыстық іс қозғау туралы жеке қаулы шығаруыңызды сұраймын, - деді ол.

Еске салайық, Шерзат сотында жарыссөз басталды.

Прокурор сотталушыларға 1,5-23 жыл арасында жаза сұрады.

Одан кейін прокурор куәгер қыздардың іс-әрекетін қайта тексеруді сұрады.

Соңғы жаңалықтар