Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Соттар азаматтардың құқықтарын қорғауда - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР.   Тамыздың 10-ы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Өткен   жарты  жылда     Павлодар облысының соттарында    қаралған  азаматтық  істердің саны  18,9 пайызға өсті,

Соттар азаматтардың  құқықтарын   қорғауда  - Павлодар облысы

ал барлығы - 1840  шағым арыз  берілді.  «Азаматтардың  құқығын  қорғау  -     әділ соттың күнделікті    жұмысы»,  - дейді    облыстық соттың  төрағасы Ермек Серекбаев.

Мысалы,   Павлодардың тұрғын әйелі    емхана  мен        дәрігерден   өзіне келтірілген  материалдық   шығын  мен   моральдық   зиянды   өндіру  туралы     сотқа   арыз  берген.     Емдеу-диагностикалық     қателіктің салдарынан  әлгі әйел  екі  рет   пышаққа түсуге мәжбүр  болған.   Қалалық  сот     зардап шегушінің     құқығын  қорғап, облыстық  соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы  сот  шешімін     қуаттады.    Дәрігердің  біліксіздігінің салдарынан   келтірілген   шығынды  өтеу  туралы   шағым-талап   жартылай қанағаттандырылды.

Дәрігердің  құпиясын  жергілікті    телекомпания  жария еткен   павлодарлық          азамат    та  сотта  жеңіп  шықты. Сот келтірген моральдық зияны  үшін телекомпанияға зардап шеккен азаматқа  қомақты       өтемақы төлеуді міндеттеді.

Азаматтардың     құқықтарын қорғау  жөніндегі сот   амалдары   Павлодар соттарының күнделікті  жұмысына айналып отыр.