«Союз МС» жаңа сериясының бірінші кемесі халықаралық ғарыш стансасымен түйісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік "Союз МС" жаңа сериясының басқарылатын ғарыш кемесінің кезекті экипажы халықаралық ғарыш стансасымен түйісті, деп хабарлады ТАСС ұшуды басқару орталығына сілтеме жасап.
None
None

 Түйісу уақыты Мәскеу уақытымен 07:12-ге жоспарланған болатын, іс жүзінде түйісу Мәскеу уақытымен 07:06-да болды.

Халықаралық ғарыш стансасына «Союз МС» жаңа экспедициясы 7 шілде күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Ғарыш кемесінде ресейлік Анатолий Иванишин, американдық Кэтлин Рубинс және жапондық Такуя Ониси болған.

Түйісуден кейін біраз сағат өткен соң, «Союз» бен ХҒС арасындағы өтпелі люк ашылу керек. Осыдан кейін жаңа экипаж стансасындағы әріптестерімен, ресейлік ғарышкерлер - Алексей Овчининмен, Олег Скрипочкамен және НАСА ғарышкері Джеффри Уильямспен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар