«Союз ТМА-17» кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен түйісті

АСТАНА. Желтоқсанның  23-і. ҚазАқпарат -  Құрамына   ресейлік  ғарышкер  Олег Котов,   американдық астронавт   Тимоти  Кример мен  жапондық  ғарышкер  Соити  Ногути кірген жаңа экипаж  мінген  «Союз ТМА-17»    кемесі   автоматтық режимде  Халықаралық  ғарыш  стансасымен түйісті, деп  хабарлады   Ұшу сапарларын  басқару  орталығынан.
None
None

Жаңа экипаж     ағымдағы жылдың  қазан  айынан бері    стансада жұмыс істеп   жатқан   ресейлік Максим Сураев пен  американдық Джеффри Уильямсқа қосылады.

Стансаға  жаңадан  келгендерді   үлкен жұмыс күтіп тұр.  Атап  айтқанда,   олар   үш  американдық   шаттлды  қабылдаулары керек (олардан кейін  АҚШ  шаттлдарды    пайдалануды тоқтатып,    Халықаралық  ғарыш стансасы американдық сегментінің  құрылысын аяқтауды  жоспарлап отыр).   Сондай-ақ,  ресейлік екі «Прогресс»   жүк кемесін  қабылдаулары,  халықаралық  ғарыш  стансасының  ресейлік сегментіне   шағын   зерттеу  модулін  (МИМ-1) түйістіріп,  оны  жұмысқа дайындаулары,    ашық ғарышта  да бірнеше міндет атқарулары керек.

Соңғы жаңалықтар