Созақ ауданында «Оқу - білімі бұлағы, білім - өмір шырағы» дөңгелек үстел жиыны өтті - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына қарасты Таукент кетінде С.Әліұлы, І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектептері мен Қыземшек кентінің Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінде «Оқу - білімі бұлағы, білім - өмір шырағы» атты оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Созақ ауданында «Оқу - білімі бұлағы, білім - өмір шырағы» дөңгелек үстел жиыны өтті  - ОҚО

Оқушыларға бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағы - жан-жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін түсіндіріп өскін ұрпаққа білім берудің артықшылықтары айтылды.

Аудан көлемінде білім беру саласында еңбек еткен ұстаздарды білім бөлім басшысы Н. Айдаров алғыс хат табыс етті. Білім саласында 25 жыл бойы еңбек еткен ұстаздарды марапаттап аудан ардагерлерінің жас ұрпаққа, жас мамандарға аманат тапсыру рәсімі өтті. Аудан көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып мерекенің ажарын аша түсті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесін лайықты атап өту мақсатындағы шаралар алдағы күндері өз жалғасын табады.