Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Созақ ауданында табиғи апат салдарынан бүлінген барлық нысан қайта қалпына келтірілді - ОҚО әкімінің селекторлық кеңесі

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың жетекшілігімен өткен селекторлық кеңесте Созақ және Сарыағаш аудандарында табиғи апаттан зардап шеккен тұрғын үйлер мен нысандарға жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.

Созақ ауданында табиғи апат салдарынан бүлінген барлық нысан қайта қалпына келтірілді - ОҚО әкімінің селекторлық кеңесі

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Соңғы мәлімет бойынша 12 қаңтардағы дауылдан Созақ ауданындағы 1949 тұрғын үйдің 1171-нің құрылысы толық бітті. Ал қалған 778 үйдің құрылыс жұмыстары сәрсенбі күні аяқталады. Сондай-ақ аудандағы 42 әлеуметтік нысанның 31-нің құрылысы аяқталып, қалған 11 нысан жақын аралықта іске қосылады деп күтілуде. 20 мектептің 9-ның құрылысы бітіп, қалған 11-інде жалғасуда. Селекторлық отырыста мәлім болғандай, қазіргі кезде Созақ ауданы бойынша құрылыс материалдары жеткілікті. Облыс әкімі А.Мырзахметов апат салдарын жою жұмыстары тікелей бақылауда болатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Созақ ауданына облыстың барлық аудандарынан жиналған 1184 жұмысшы көмек көрсетуде. Сонымен қатар, ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарды арнайы комиссия қадағалауда. Алдын ала есеп бойынша, 23 қаңтар күні Созақ ауданындағы табиғи апат салдарынан бүлінген барлық нысанның құрылысы толық аяқталуы тиіс.

Ал Сарыағаш ауданындағы төтенше жағдай топан су салдарынан туындаған болатын. Онда жолдар бойындағы 1 көпірді, 12 өткелді су шайған. Қосымша 3 көпір, 8 тюбинг, 1 құбыр салуды қажет етеді. 9 өткелге 127,3 млн.теңге шығын сметасы дайындалған. Сондай-ақ, өткелдерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы құрылған комиссия аймақтарға келген шығын көлемін 209 млн. 114 мың теңгені құрайтынын анықтаған. Бүгінгі таңға қорға көмек ретінде 5 млн. теңге қаржы түсті. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға есеп-шот ашылған болатын.