SpaceX компаниясы Starship зымыранын оныншы мәрте ұшырып, Үнді мұхитына қонды
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық SpaceX компаниясы сейсенбі күні 10-шы рет Starship ғарыш кемесінің прототипі бар зымыран тасығышын ұшырды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Америкалық SpaceX компаниясы артқы бөлігінің зақымданғанына қарамастан Үнді мұхитына сәтті қонған Starship ғарыш кемесі прототипі бар зымыранын оныншы мәрте ұшырды.
- Бұл – суға қону, - деді компанияның X парақшасында жүргізілген көрсетілім жүргізушісі. Starship прототипін қаңтар, наурыз және мамыр айларында үш ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталған еді.
Splashdown confirmed! Congratulations to the entire SpaceX team on an exciting tenth flight test of Starship! pic.twitter.com/5sbSPBRJBP
— SpaceX (@SpaceX) August 27, 2025
Осы ұшыру барысында компания алғаш рет Starship жүк қоймасынан Starlink байланыс жүйесі спутниктерінің сегіз симуляторын шығара алды. Әзірлеушілер мұны бұған дейін алдына мақсат етіп қойғанмен, техникалық ақауларға байланысты оны жүзеге асыру мүмкін болмаған. Бұдан басқа, компания Raptor қозғалтқышын сәтті қайта іске қосты және кеменің Жерге оралуы кезінде сенімділігін арттыруға бағытталған жақсартуларды сынады.
Liftoff of Starship! pic.twitter.com/d6d2hHgMa0
— SpaceX (@SpaceX) August 26, 2025
Зымыран Техастағы Starbase ұшыру алаңынан шығыс жағалауы уақытымен сағат 19:30-да ұшырылды. Ғарыш кемесінен ажырағаннан кейін ол баяулап, Мексика шығанағына қонды.
Бастапқыда ұшыру 24 тамызға жоспарланған, алайда компания жерүсті жүйелерінің дұрыс жұмыс істемейтінін айтып, бірнеше минут қалғанда ұшырудан бас тартты. 25 тамызда аппаратты іске қосуға ауа райының қолайсыздығы кедергі болды.
Айта кетейік, SpaceX ғарыш кемесі сынақ кезінде жарылды.