08:30, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
"Спокойной ночи, малыши!" бағдарламасына - 45 жыл
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Кеңестік кеңістіктегі елдердің тұрғындарына жақсы танымал, балалардың ғана емес, ересектердің де қызығып тамашалайтын бағдарламасы "Спокойной ночи, малыши!" бағдарламасына бүгін 45 жыл толды,
деп хабарлады «Россия» телеарнасының бас директорының бірінші орынбасары Александр Любимов.
Кішкентайларға арналған телебағдарлама алғаш рет эфирге 1964 жылы қыркүйектің 1-інде КСРО Орталық телеарнасының Екінші бағдарламасында шыққан болатын.
Алғашқы шығарылымдар суреттер түрінде болып, кадрдың сыртында мәтін оқылатын. Ал кейіннен қуыршақтар спектакльдері пайда болды. Олардың бас кейіпкерлері торай Хрюша, ит Филя, қоян Степашка және қарға Каркуша болды. Ал әр жылдары Валентина Леонтьева, Ангелина Вовк, Татьяна Веденеева, Юрий Николаев, Анна Михалкова, Оксана Федорова жүргізуші болды.
Атақты «Спят усталые ребята» әні әлі күнге дейін орындалады.