Спорт елімізде қазір белсенді түрде дамуда - ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасы

«Орталық Азия аймағында тұңғыш рет өтіп жатқан бұл жарыс болашақта жыл сайын дәстүрлі турнирге айналуы мүмкін. Мұндай бұқаралық шаралар спорттың дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Қазір еліміздің барлық аймағында спорт нысандары салынып, ол қарқынды түрде дамуда. Оған мемлекет қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасауда», - дейді Е. Қожағапанов.
Оның айтуынша, елімізде өтіп жатқан халықаралық деңгейдегі спорт додаларының жиі өтуі бұқаралық спорттың дамуына түрткі болуда. Алматы қаласы қазіргі таңда 2022 жылы болатын қысқы Олимпиада ойындарының өткізуге өтінім беріп отыр. Желтоқсан айында енді жұмыс тобы Лозаннадағы семинарға қатысады. Алматы үміткерге айналса, мемлекет қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасауға дайын. Мәселен, 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарына қатысушылар 2022 жылы Олимпиада ойындарында да өнер көрсететін болады. Бұл олардың сәтті өнер көрсетуіне оң ықпалын тигізбек.