14:20, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Спорт комитетінің басшысы ауысты
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Туризм және спорт министрлігі Спорт жөніндегі комитетінің төрағасы болып Елсияр Қанағатов тағайындалды,
деп хабарлады Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясының баспасөз қызметінен.
Е.Қанағатов бұған дейін төрт жыл бойы Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясын басқарып келген.
Ал оның орнына бұған дейін Спорттың қысқы түрлері бойынша республикалық жоғарғы шеберлік мектебінің директоры болған Қайыргелді Жанпейісов тағайындалды. Елена Хрусталева Ванкувер Олимпиадасына дәл осы мектепте дайындалған болатын.
Ал бұған дейін Спорт комитетін басқарып келген Анатөлі Құлназаров «Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы қысқы Азиялық ойындарын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамын басқаратын болады.