18:22, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Спорт саласын дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрамына бизнесмендер мен меценаттар кіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласын дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылатындығын хабарлады.

«Кеңес құрамында спорт өкілдері ғана емес, сонымен қатар өзге де азаматтар, яғни бизнесмендер, меценаттар қамтылуы тиіс»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, Қоғамдық кеңес құзыретті орган, спорт клубтары, федерациялар мен демеушілердің қарым-қатынасын үйлестіруі қажет.
Алқа отырысы барысында министр құрылысы ұзаққа созылып кеткен спорттық кешендерді тездетіп бітіру керектігін атап өтті.