Спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері С. Бердіқұл атындағы конкурс басталды - Спорт комитеті
анның 16-сы. ҚазАқпарат - ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті, Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұл атындағы жыл сайын өтетін конкурстың басталғанын хабарлайды.
Конкурсқа бұрын жеңімпаз атанбаған және 2004 жылдан кейінгі уақыттағы осы жүлдені сарапқа салудың өткен кезеңінің жеңімпазы болған журналистер қатыса алады, яғни конкурста жеңіске жеткеннен кейінгі өткен уақыт 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Сыйлық жылына бір рет, үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық - орыс тілінде жарияланған материалдарға белгіленген.
Өтінімдер мен мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25 (11-қабат) «Аңсар» бизнес - орталығы, ҚР Туризм жэне спорт Министрлігі Спорт комитетінің ҰШК және СРД баспасөз қызметі («2009 жылғы С. Бердіқұл атындағы конкурсқа» деген белгімен).
Үміткерлер 2009 жылдағы жұмыстарын мына тақырыптар бойынша тапсыруы тиіс:
- 1. Әлем және Азия чемпионатында, Азия ойындарында (жабық бөлмелерде, жасөспірімдердің т.б.) және Ванкувер қаласындағы (Канада) 2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына арналған лицензияланған турнирлерге шолу жасау (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.)
- 2. Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты (спартакиадалар, турнирлер және т.б.) мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен «Ақ бидай» ауылдық спорт ойындарын, паралимпиалық ойындарын, ҚР мүгедектерінің спартакиадасын, ұлттық ат спорты түрлерінің фестивалін т.б. насихаттау.
- 3. Алдағы Алматы және Астана қалаларында өтетін 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған мақалалар, материалдар, хабарлар,очерктер.
Конкурстың жеңімпаздары, «Сейдахмет Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты» деген арнайы белгімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.
Берілген ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігінің (www.mts.gov.kz ) және ҰШКжСР Дирекциясының (www.kazsports.kz ) сайтарынан табасыз. Лауреаттардың есімдері ҚР БАҚ-тарында және жоғарыда көрсетілген сайттарда орналасады.
Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 91 15 29, немесе 8 701 367 18 34.