Спортшылар коалициясы УЕФА-ға Израильге шектеу қоюды ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Француздық жартылай қорғаушы Поль Погба мен крикетші Муин Алиді қосқанда 48 қолы бар мәлімдеме Израильді Газа секторындағы палестиналықтарға жасаған қарым-қатынасы үшін өкілеттілігінен шеттетуді сұрады. Бұл туралы Aljazeera агенттігі хабарлады.

— Әртүрлі сенім-нанымнан, түрлі тектен шыққан кәсіпқой спортшылар ретінде біз спорт әділдік, адалдық және адамгершілік принциптерін сақталуы керек деп есептейміз. Біз, «Athletes 4 Peace» бейбітшілік құжатына қол қойғандар, УЕФА-ны Израильді халықаралық құқыққа сай болғанша және бейбіт тұрғындарды өлтіруді және жаппай аштыққа ұшыратуды тоқтатқанша барлық жарыстардан дереу шеттетуге шақырамыз, — делінген «Спортшылар бейбітшілік үшін» ұранымен жарияланған мәлімдемеде.
Мәлімдемеде өткен айда Израиль Газаның оңтүстігінде гуманитарлық көмек күтіп отырған бейбіт тұрғындарға шабуылы кезінде палестиналық Пеле деген атпен белгілі Сүлейман әл-Обейдтің өткен айда қаза болғаны айтылды. Бұл туралы Палестина футбол қауымдастығы мәлімдеген.
Еске сала кетейік, Microsoft Израиль әскеріне қызмет көрсетуді тоқтатты.