Спортшылар мектеп оқушыларымен кездесті

; АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы №175 «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясында Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мектеп ұжымының спортшылармен кездесуі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жүздесу  2011 жылғы  Қысқы  Азия ойындары қарсаңында жас ұрпаққа салауатты өмір салтын, Азия ойындарын, спортты насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Кездесуге Алматы қаласы ұлттық спорт клубының басшысы Ізбасар Оразбақ, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаров қатысып, өздерінің спорттағы жетістіктері, спорттық ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

«Қысқы Азия ойындарына қазіргі таңда қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл ойындар - еліміздің беделін асқақтататын үлкен шара. Қазақстанның дамуы тек экономикамен ғана емес, спорт, өнер, мәдениет, біліммен де тығыз байланысты. Сондықтан осы бағыттардың барлығында жетістікке жетуге тырысыңыздар», деді спорт ардагері Ізбасар Оразбақ.

Шара барысында мектеп оқшылары спортшы ағаларының құрметіне арнап концерт берді. 

Соңғы жаңалықтар