Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Әлем кубогын бір медальмен аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Ірі турнирде Қазақстан құрамасының сапында Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден өнер көрсетті.
— Алайда финалға екі гимнаст қана жолдама алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс медаль жеңіп алды. Ал Роман Маменов қол тіреп секіруден финалға өтті. Нәтижесінде жетінші орынға тұрақтады, — делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңін бір күміс медальмен аяқтады.
Бұдан бұрын спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды.