Спорттық құзға өрмелеуден Азия ойындарына елімізден 4 спортшы қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Спорттық құзға өрмелеуден Аичи-Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.
Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан атынан Әмір Маймұратов, Тамара Улжабаева, Дамир Тоқтаров, Аделия Утешева өнер көрсетеді.
Отандастарымыздың барлығы «жылдамдық» санатында сынға түседі.
Айта кетейік, Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеу бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.
Осыған дейін спорттық құзға өрмелеуден Қытайда өтетін Әлем кубогына елімізден кімдер баратынын жаздық.