Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

АСТАНА.KAZINFORM – Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді.

Әмір Маймұратов
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, іріктеу кезеңін қазақстандық спортшы тоғызыншы орынмен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды. Алайда ол кезеңде қытайлық Шоухун Чуға есе жіберіп, жарысты оныншы орынмен түйіндеді.

Чу финалда жапониялық Ре Омасаны ұтып жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті германиялық Леандер Карманс түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар Дамир Тоқтаров, Жандос Қалибай, Бекнұр Алтынбеков пен Әлішер Мұрат іріктеу кезеңінен өте алмады.

Айта кетейік, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан 2025 жылғы FIG World Challenge Cup турнирінде ат снарядындағы жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар