Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Спортты Қазақстан үшін» республикалық акциясы аясында шаңғышылар сайысы мәреге жетті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысының көрікті аймақтарының бірі Бурабай ауданындағы шаңғы базасында «Спортты Қазақстан үшін» республикалық акциясы аясында қысқы спорт түрінен жарыс өткізіліп, жүзден үйрік шыққандарға қошамет көрсетілді,

«Спортты Қазақстан үшін» республикалық акциясы аясында шаңғышылар сайысы мәреге жетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық спорт басқармасы «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы облыстық филиалының, «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен шаңғы сайысын жас ерекшеліктері бойынша өткізді. Бұл жолы 1993-1996 жылғы жасөспірімдер, орта мектептер мен колледждер, кәсіптік лицейлер оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері мен ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен ұйымдар өкілдері екі қашықтықта төрт кезең бойынша бақтарын сынады. Бас төреші Николай Александровтың айтуынша, басты мақсат жеңу емес, әркімнің өз мүмкінідігін анықтау, шаңғы жолына шығу болса, акцияға қатысқан жүзден астам үміткердің қай-қайсысы болмасын сол биіктен көріне алған. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы марапат қағаздары табысталды.