Сталиндік қуғын-сүргін кезінде 100 мыңнан астам қазақстандық «итжеккенге» айдалды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда саяси себептерге байланысты 100 мыңнан астам адам сотталып, 25 мыңнан астамы атылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанна Қыдыралина мәлім етті.

«Бұрынғы КСРО кезінде 3 млн. 777 мың адам түрмеге қамалған, оның ішінде 642 мыңы ату жазасына кесілген. Шамамен 1 млн. 750 мың адам, яғни қазақ халқының 42 пайызы 1931-1932 жылдары болған жаппай ашаршылық зұлматында көз жұмды. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары мемлекет бостандығы идеясы мен қарапайым дала халқының мүддесін қорғап келген қазақ интеллигенциясы түп-тамырымен жойылды», - деді Ж.Қыдыралина.

«Қазақстан 1930 жылдары жүз мыңдаған кінәсіз халықтарды депортациялау орны, ХХ ғасырда тоталитарлық жүйеден жапа шеккен барлық халықтардың достық елі болды», - деп атап өтті профессор.

Конференция жұмысына ҚР Парламентінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдар, тарихшылар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып табылады.

Соңғы жаңалықтар