Стамбұл орталығында болған атыстан бес адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Стамбұл орталығында оқ атып, бес адамды жарақаттады. Оның ішінде бір шетелдік турист бар, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
None
None

Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірі - Истикляльда болған. Полиция мәліметінше, ер адамдардың екі тобы арасында жанжал туып, соңы қару қолдануға ұласқан. «Хюрриет» газеті хабарлағандай, шетелдік туристің аяғынан оқ тиген. Оның қай елдің азаматы екені туралы ақпарат әзірге жоқ. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Полиция оқ атқан адамды іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар