Стамбул тұрғындарының саны 14,8 млн адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбул тұрғындарының саны 1927 жылы 806 мың 863 адам болған, 2016 жылы бұл көрсеткіш 14 млн 804 мың 116-ға жетті, деп хабарлайды «Анадолу».
None
None

Агенттіктің Түркияның статистика институтына сілтеме жасай отырып таратқан мәліметтеріне қарағанда, Стамбул халқының саны өткен жылдың соңына таман Түркияның жалпы халқының 18,5 процентін (79 млн 814 мың 871 адам) құраған.

2011 жылы Стамбул тұрғындарының саны 13 млн 624 мың 240, ал 2015 жылы 14 млн 657 мың 434 адамға жеткен.

Түркияның 100 жылдығы қарсаңында Стамбул халқының саны 16,5 млн-ға жетеді деген болжам бар.

TÜİK агенттігінің болжамы бойынша Стамбул тұрғындарының саны 2020 жылы 15 млн 850 мың 684 адамға, ал 2023 жылы 16 млн 568 мың 500 адамға жетеді.

Соңғы жаңалықтар