00:48, 12 Маусым 2016 | GMT +5
Стамбұлдағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 3 адам қамауға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбұлдағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 3 адам қамауға алынды. 7 маусым күні болған жарылыс салдарынан оннан аса адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін хабарлағандай, Түркия астанасының Беязыт ауданында туристерге арналған аялдама маңында жарылыс болған.
Куәлердің айтуынша, жарылыс таңертеңгі халық көп жүретін кезде аялдама жанынан полиция автобусы өтіп бара жатқан кезде орын алған. Жарылыстан 11 адам қаза тапты, оның алтауы полиция қызметкері. Сонымен 36 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.