Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына бюджет қаржысын ұрлады деген күдік келтірілуде - қаржы полициясы

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаеваға бюджет қаржысын ұрлады деген күдік келтірілуде.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттіктің бұрынғы орынбасарлары Н.Баянов пен Б.Меңдібаевқа қатысты қылмыстық істерді тексеру барысында санақ жабдықтарын сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға Анар Мешімбаеваның да қатысы болғандығы анықталды.

«А.Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», деп хабарлады қаржы полициясынан.

Бұдан бұрын хабарлағандай, өткен жылдың маусым айында Статистика агенттігі төрайымының орынбасарлары Н.Баянов пен Б.Меңдібаев қамауға алынған болатын. Олар Ұлттық халық санағын өткізу кезінде қызмет лауазымын пайдаланып 764,3 миллион теңге бюджет қаржысын қымқырғаны үшін айыпталды.

Соңғы жаңалықтар