16:24, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Статистика басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды ? ҚР ҰҚК
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат –ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу басқармасы Сайрам ауданы статистика бөлімінің бастығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-бөлімінің «а» тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бастық өзінің қарамағындағы қызметкерден жұмыстан шығарам деп қорқытып, ақша талап еткен», ? деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында. Ұсталған адам қамауға алынды. Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.