Степногор қаласына жаңа әкім келді
АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысының әкімі М. М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Талғат Ерсейітов Степногор қаласының әкімі болып тағайындалды.
Талғат Аманбайұлы Ерсейітов 1974 жылы 15 сәуірде Ақмола облысы Астрахан ауданының Астрахань ауылында дүниеге келді. 1996 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірді. 1997 жылы Ақмола аграрлық университетінде «Ұйымдастырушы-экономист» мамандығы бойынша білім алды. 2003 жылы Астана қаласының Басқару институтында «Экономист» мамандығын тәмамдады.
Еңбек жолын 1996 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің аға, бас маманы болып бастады.
1997 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысы Астрахан ауданы салық комитетінің маманы, бас маманы болып жұмыс істеді.
2004 жылғы сәуірден бастап — Ақмола облысы Астрахан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары.
2007 жылғы тамыздан бастап — Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы.
2009 жылдың қазан айынан бастап Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2012 жылдан бастап Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі болды.
2017 жылдан бастап Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі болды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
2019 жылдан бастап Бұланды ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2023 жылғы 08 қарашадан бастап Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалды
Осыдан бұрын Ақмола облысында екі әкім қызметінен босатылғанын жазған едік.