14:57, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Степногор қаласында есірткі саудасына қатысты күдікті қолға түсті
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты өндірісті Степногор қаласында аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысты күдікті қолға түсіп, тергеу амалдары жалғастырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің жедел іздестіру тобы 1964 жылы туған П. есімді азаматты 1097,538 грамм есірткі затын саудалау кезінде айғақты дәлелдермен қолға түсірген. Бұрындары сотталған қала тұрғынының үстінен ҚР ҚК-сінің 259-шы бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.