Степногор тұрғыны құны 1 млн теңгелік балалар ойын алаңына қажетті жабдықтарды ұтып алды

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Еске сала кетсек, 2014 жылы бұл компания өзінің 15 жылдық мерей тойын атап өткен болатын. Осыған орай аталмыш компания байқау жариялаған. Байқау шарты бойынша жеңімпаз атанған 17 қалаға «Ойын алаңы - балаларға» қоғамдық қозғалысымен бірге «Данон» компаниясы балалар ойын алаңына қажетті құрал-жабдықтар орнатуы тиіс болатын. Оған аталған компания өнімін сатып алған барлығы 50-ге жуық адам өтініш берген. Оның ішінде степногорлық Гүлнар Жарбұлова да қатысып, компания тағайындаған жүлдені ұтып алды.
Екі баланың анасы Гүлнар бүлдіршіндері «Данон» компаниясының растишка қышқыл сүтін жақсы көретінін айтып, қуанышымен бөлісті.
«2014 жылдың күзінде әдеттегіндей балаларыма аталмыш иогуртты сатып алдым. Қорап сыртында компанияның 15 жыл толуына орай акцияның жарияланып, оған қатысу үшін өз аулаңның өзекті мәселесін жазып оның суретін жіберуі керек екені жазылған. Мен бірден барлық талаптарды орындай отыра Данон компаниясының сайтына хат жолдадым. Кейін 2015 жылдың наурыз айында маған компания қызметкерлері хабарласып, жеңімпаз болғанымды айтып, құттықтады. Мұндай күтпеген тосын сыйға шынымды айтсам алғашында сенерімді де білмедім, қуанышымда шек болмады», дейді Гүлнар Жарбұлова.
Жақында Данон компаниясының қызметкерлері Гүлнар тұратын 6 шағынаудандағы 31 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңына қажетті құрал-жабдықтарды орнатып берді.