Степногорде мұнай өңдейтін шағын зауыт ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Степногор қаласында "Нефтяной Дом Астан-Ойл" ЖШС-нің мұнай өңдейтін шағын зауыты ашылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
None
None

Бұл Ақмола облысы аумағындағы жоғары сапалы қысқы дизель отынын өңдейтін алғашқы зауыт. Өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген жобаның құны 1,3 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Зауыттың қуаты жылына 150 мың тонна инновациялық жолмен, еуро стандарттарға сай келетін жоғары сапалы дизель отынын шығаруға жетеді.
 

Кәсіпорынның ашылуы салтанаттына қатысқан қала әкімі Əнуар Күмпекеев зауыттың отандық өнім шығарудағы маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, зауыт басшылығына өз жанар-жағар май құю стансасын ашуды да ұсынды.
 

"Нефтяной Дом Астан-Ойл" ЖШС мəліметі бойынша ҚР дизель отынына деген сұраныс 400 мың тонна болса, оның 150 мың тоннасы осы зауытта  өндірілетін болады. Сонымен қатар, жаңа кəсіпорынның ашылуы 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 
 

Соңғы жаңалықтар