Степногорскінің жылу желілерін реконструкциялауға 2,7 млрд теңге бөлінді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту жүргізіліп жатыр. Үкімет қаулысымен Ақмола облысы Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялау үшін резервтен шамамен 2,7 млрд теңге бөлінді. 

Степногорскінің жылу желілерін реконструкциялауға 2,7 млрд теңге бөлінді
Фото: Үкімет

Құжатқа сәйкес, Үкімет резервінен бөлінген қаражат жедел реконструкциялауды қажет ететін диаметрі 530 мм болатын 6,5 шақырым жылу желілерін жөндеуге бөлінген.

Степногорск қаласының жылу желілерінің ұзындығы 123,8 шақырым. Магистральдық жылу желісі 1968 жылы салынған және тозу деңгейі 84,4%.

Степногорскінің жылу желілерін реконструкциялауға 2,7 млрд теңге бөлінді
Фото: Үкімет

Апаттық және жылу беру кезеңінде төтенше жағдайдың туындау қаупін болдырмау мақсатында Үкімет резервінен бөлінген қаражатқа жедел реконструкциялауды қажет ететін диаметрі 530 мм болатын 6,5 шақырым жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Келешекте «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025–2026 жылдары 5,8 млрд теңге сомасына ұзындығы 9,5 шақырым, диаметрі 820 мм болатын магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Степногорскінің жылу желілерін реконструкциялауға 2,7 млрд теңге бөлінді
Фото: Үкімет

Бұл жұмысты жүргізу алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Степногорскінің жылу желілерін реконструкциялауға 2,7 млрд теңге бөлінді
Фото: Үкімет

Естеріңізге сала кетейік, Степногорск қаласының халық саны шамамен 46 мың адам. Қаладағы көпқабатты үйлер – 316, әлеуметтік нысандар – 65, басқа тұтынушылар – 342. Барлық тұрғын үй мен нысан орталықтандырылған жылытуды тұтынады, жалпы максималды жылу жүктемесі – 175 Гкал. 

Айта кетелік елдің 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар