13:54, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Стиви Уандер Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем елшісі атанды
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Американдық әнші және музыкант Стиви Уандер Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем елшісі атанды,
деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Тумысынан зағип 59 жастағы әнші ұзақ жылдар бойы қайырымдылықпен айналысып келеді. Әнші, өзінің жаңа қызметінде БҰҰ-ның бірқатар жобаларының аясында мүгедектерге көмек көрсетпек ниетін мәлім етті.
«Әлем елшісі» атағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік, гуманитарлық және қайырымдылық қызметіне қолдау көрсетіп жүрген спорт жұлдыздары мен өнер қайраткерлеріне беріледі.
Бұған дейінгі жылдары жазушылар Эли Визель мен Пауло Коэльо, актер Джордж Клуни, спортшылар Мұхаммед Әли мен Мэджик Джонсон және т.б. қайраткерлер БҰҰ-ның әлем елшісі болған.