03:09, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Стокгольмде Нобельдік салтанаттар басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның астанасы - Стокгольмде Нобельдік салтанаттар аптасы басталды, деп хабарлады Итеранет.ру.
Лауреаттар мен олардың отбасы мүшелері алдымен қалыптасқан дәстүр бойынша Ескі қаладағы Нобель мұражайында болады. Жақында лауреаттардың музей дәмханасындағы отырғыштарға қолтаңба қалдыруы дәстүрге енді.
Сондай-ақ мұражай қорына лауреаттар өздерінің ашылымдарын есте қалдыру үшін жеке заттарын сыйға тартады. Музейде болу кезінде мұражай қонақтары бір-бірімен танысады, өйткені олардың көпшілігі бұрын ешқашан кездеспеген болатын.
Қонақтар мұражайдағы тұрақты экспозициялармен қатар 5 желтоқсанда ашылған Стокгольмнің дизайн мектебі студенттерінің көрмесін тамшалайды. Көрме экспонаттары сән, музыка және дизайн арқылы физикадан, медицинадан, әдебиеттен және экономикадан Нобель лауреаттарының биылғы ашылымдарын бейнелейді.