Стокгольмде тәртіпсіздіктер орын алып, көліктер өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні кешке Стокгольмнің босқындар шоғырланған Ринкебю шағын ауданында белгісіз біреулер көліктерді өртеп, жергілікті дүкендерге ұрлыққа түсті, деп жазады Риа Новости агенттігі. 
None
None

«Тәртіпсіздіктер жергілікті уақытпен 22:20-да басталды, бұзақылар 7-8 автокөлікке өрт қойып үлгерді. Полиция тәртіп орнатып, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Өкінішке қарай, ауданда бірнеше дүкен тоналған. Қылмыс ауқымы әлі анықталмады», - делінген Стокгольм полициясы жіберген хабарламада.

Хабарламаға сүйенсек, полиция қызметкерлері оқиға орнынан іздеу салынған бір қылмыскерді ұстаған және бұзақылар оларға тас атқылаған.

«Осыған байланысты патруль ескерту үшін тапаншадан оқ атуға мәжбүр болды. Тас атқылаудың салдарына бір полиция қызметкері жарақат алды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар