Стокгольмдегі автобус апаты: полиция жүргізушіні босатты

АСТАНА. KAZINFORM — Стокгольмде аялдамаға соғылып, бірнеше адамның қаза табуына себепкер болған автобустың жүргізушісі полициядан босатылды, деп хабарлайды ВВС.

Стокгольмдегі автобус апаты
Видеодан алынған кадр / svt.se

Еске сала кетсек, Швеция астанасы Стокгольм қаласындағы Эстермальм ауданында Корольдік технология институты маңындағы аялдамаға автобус соғылып, үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған еді.

Полиция жүргізушіні қамауда ұстауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Сондай-ақ оның аялдамаға қарай әдейілеп бұрылғанын еш дәлел табылмаған. Яғни жүргізуші қасақана әрекет етпеген.

Швеция БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға кезінде автобус желіде болмаған және ішінде жолаушылар да болмаған. Қаза тапқандардың аты-жөні әлі анықталған жоқ.

Бұған дейін Перуде автобус апатынан кемінде 37 адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар