Странджа кубогында қазақстандық алты боксшы жарысты жалғастырады

АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан Странджа кубогының екінші жарыс күнінде қазақстандық алты боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

«Странджа кубогында» қазақстандық алты боксшы жарысты жалғастырады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Күндізгі сессияда 51 келіде Жазира Орақбаева, 70 келіде Мәдина Нұршаева, 54 келіде Әнел Сақыш, Элина Базарова, Жайна Шекербекова, 55 келіде Бағлан Кенжебек жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Ал 51 келіде Анита Адишева, 55 келіде Тимур Қабдешов жарыс жолын аяқтады.

Енді кешкі сессияда А рингінде 65 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин, Ертуған Зейнуллинов, 90 келіде Дәулет Төлемісов, Б рингінде 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, 90 келіде Нұрмагамед Юсупов ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл Странджа кубогы 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады. 

Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум