«Странджа» турнирінде 24 ақпанда ел құрамасынан қай боксшылар шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің екінші жарыс күні, 24 ақпанда ел құрамасынан кімдердің шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.
23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 17:00):
А рингі
51 келі. Әйелдер. Жазира Орақбаева — Фатиха Мансури (Алжир)
51 келі. Әйелдер. Анита Адишева — Кейтлин Фрайерс (Ирландия)
70 келі. Әйелдер. Мәдина Нұршаева — Дилара Сак (Түркия)
Б рингі
54 келі. Әйелдер. Жайна Шекербекова — Тала Хаббас (Болгария)
54 келі. Әйелдер. Әнел Сақыш — Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия)
54 келі. Әйелдер. Элина Базарова — Моник Сурачи (Аустрия)
55 келі. Ерлер. Бағлан Кенжебек — Абдулазиз Абдуназаров (Өзбекстан)
55 келі. Ерлер. Тимур Қабдешов — Лоренцо Патрицио (АҚШ)
Кешкі сессия (21:00):
А рингі
65 келі. Ерлер. Әбдікәрім Әбдіғалым — Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан)
65 келі. Ерлер. Илья Калинин — Заур Гахраманов (Әзербайжан)
65 келі. Ерлер. Ертуған Зейнуллинов — Джейсон Невин (Ирландия)
90 келі. Ерлер. Дәулет Төлемісов — Семён Болдырев (Болгария)
Б рингі
85 келі. Еолер. Сұлтанбек Айбарұлы — Саба Квиникадзе (Грузия)
85 келі. Ерлер. Бекзат Таңатар — Паоло Карузо (Италия)
90 келі. Ерлер. Нұрмагамед Юсупов — Роселин Бачевски (Болгария).
Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады.
Қазірге дейін отандастарымыз турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншіледі. Онда Қазақстан құрамасы алғаш рет 1994 жылы бақ сынады. Онда 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған еді. 2005 жылы Серік Сәпиев (60 келі) еліміздің атынан алғашқы чемпион ретінде тіркелді. Ал әйелдер арасында Валентина Хальзова 2 мәрте жеңімпаз тұғырына көтерілсе, ерлер арасында Ертуған Зейнуллиновтің қатарынан екінші мәрте чемпион атануға мүмкіндігі бар.
Айта кетсек, алғашқы жарыс күні, 23 ақпанда шаршы алаңға шыққан қазақстандық он боксшының бесеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.