Странджа турнирінде 26 ақпанда Қазақстан құрамасынан кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан 19 боксшы шаршы алаңға шығады.

Странджа турнирінде 25 ақпанда Қазақстан құрамасынан кімдер шығады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.

Бұл күні еліміздің әйелдер құрамасынан 15 былғары қолғап шебері ширек финалда ойын көрсетсе, ерлерде 65 және 70 келідегі спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Күндізгі сессия

1-жұп. 48 келі. А рингі. Айгерім Сәттібаева — Ханна Охота (Украина)
2-жұп. 48 келі. А рингі. Әнел Құдайберген — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
4-жұп. 54 келі. В рингі. Әнел Сақыш — Ана Ливия Висенте Линхарес (Бразилия)
5-жұп. 54 келі. А рингі. Жайна Шекербекова- Йоселин Перез (АҚШ)
5-жұп. 54 келі. В рингі.Элина Базарова — Айшен Ташкын (Түркия)
9-жұп. 70 келі. В рингі. Фарух Тоқтасынов- Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан)
12-жұп. 65 келі. А рингі. Илья Калинин — Юри Фалькао Рейс (Бразилия)
13-жұп. 70 келі. В рингі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы -Джон Макконелл (Германия)
14-жұп. 65 келі. А рингі. Ертуған Зейнуллинов — Маркус Лузер (АҚШ)

Кешкі сессия

1-жұп. 57 келі. А рингі. Ұлжан Сәрсенбек — Алиса Мендоза (АҚШ)
3-жұп. 60 келі. А рингі. Римма Волосенко — Йомна Айад (Египет)
4-жұп. 60 келі. В рингі. Виктория Графеева — Ребека де Лима Сантос (Бразилия)
6-жұп. 65 келі. В рингі. Лаура Есенкелді — Андра Кринута Себе (Румыния)
8-жұп. 70 келі. А рингі. Бақыт Сейдіш — Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия)
8-жұп. 70 келі. В рингі. Мәдина Нұршаева- Шантель Рид (Ұлыбритания)
9-жұп. 75 келі. А рингі.Валентина Хальзова — Амалия Нита (Румыния)
9-жұп. 75 келі. В рингі.Мария Сидоренко- Наоми Грэм (АҚШ)
11-жұп. +80 келі. А рингі. Валерия Аксенова- Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан)
12-жұп. +80 келі. А рингі. Дина Исламбекова — Хавванур Кезуда (Жапония).

Халықаралық турнирде Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00–де басталса, кешкі сессия 21:00–ге белгіленген. 

Айта кетсек, Қазақстан Болгария астанасы 39 боксшыны аттандырды. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте өткізіп жатыр. Бұл турнир Еуропа құрлығындағы тарихи терең спорттық жарыс саналады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Странджа турнирінде қазақстандық екі боксшы жекпе-жекке шықпады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум