Страсбургте атыс ұйымдастырған күдіктінің тұлғасы анықталды

None
None
СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат -Страсбург қаласында атыс ұйымдастырды деген күдіктінің тұлғасы анықталды. Бұл туралы Францияның Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Франция ІІМ-нің ақпаратынша, ер адам 29 жаста. Оның есімі тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. Сейсенбі күні болған атыс салдарынан күдікті жарақат алған. Бірақ ол оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.

Полиция қылмыскердің ел аумағынан шығып, көршілес Германияда жүргенін жоққа шығармайды. Атап өтілгендей, ер адам «қоғамға қауіп төндіретін тұлға» ретінде есепте тұрған. Бірақ бұрын-соңды лаңкестік қылмыстарға қатысы болмағаны атап өтіледі.

Франция прокуратурасы лаңкестік бабы бойынша іс қозғады.

Ел билігі шекарадағы бақылауды күшейтті, жолдарға полиция жасақтары қойылған. Жиналыстар мен митингтерді ұйымдастыруға тыйым салынды.

Еске салсақ, сейсенбі күні кешкілік Страсбург қаласының орталығында, рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда адамдарға атыс қаруынан шабуыл жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, 2 адам қаза тауып, 11 адам жарақаттанды.

Франция полициясының алдын ала мәліметіне сәйкес, атыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.


Авторы Тимур Дүйсекеев

Фото: tagesspiegel.de

Соңғы жаңалықтар
telegram