Страсбургтегі атыс: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Страсбургтің көшелерінде болған атыс кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Страсбургтегі атыс: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

«Француз полициясының алдын ала мәліметіне қарағанда, Страсбург қаласында орын алған атыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Францияның Страсбург қаласының орталығы Клеберде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақын маңда болған атыс салдарынан адамдар көз жұмды.