Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығына жаңа меңгеруші тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

 Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығына жаңа меңгеруші тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Аяна Тоқтағанқызы Манасова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.