Стратегиялық зерттеулер институты экономикалық тәуекелдерге күнде мониторинг жүргiзедi

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында журналистердiң сұрағына жауап берген Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Әсет Ерғалиев мәлiм еттi.
"Стратегиялық зерттеулер институты әлемдiк экономикадағы қазiргi үдерістер мен тәуекелдерге мониторинг жүргiзедi. Осылайша, ай сайын, апта сайын, күнде Ұлттық экономика министрлiгi мен Президент Әкiмшiлiгiне сараптамалық мәлiметтер ұсынамыз. Сондай-ақ, әртүрлi дереккөздерiнен түсетiн мәлiметтердi жедел мониторингілеу жүйесi бар. Қазақстанның негiзгi сауда әрiптестерi бойынша экономикалық мәлiметтер мен Қазақстанның iшкi макроэкономикалық көрсеткiштерi зерттеуден өтедi",-деп түсiндiрдi ол.
Айта кетейiк, Мемлекет басшысы Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысында сыртқы нарыққа нақты мониторинг жүргiзiп, тәуекелдер мен қауiр-қатерлерге баға берудi тапсырған болатын.